Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И. Ю. Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
2018 жылғы "24" 01 № 03/01 Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Автогаз Трэйд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 139 | 3 | 4 |
2. | "UTARI KZ LTD" Өнеркәсіптік Кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 515 | 4 | 21 |
3. | Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 63 | 2 | 1 |
4. | "НС Системы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |