Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентіндегі көшелер келесідей:
1) Дзержинская көшесі Болашақ көшесіне;
2) Нагорная көшесі Қайнар көшесіне;
3) Почтовая көшесі Алатау көшесіне;
4) Молодежная көшесі Достық көшесіне;
5) Заводская көшесі Наурыз көшесіне;
6) Новая көшесі Самал көшесіне;
7) Песчаная көшесі Ұлытау көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабас кентінің әкімі | Е. Төкебаев |