Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаражар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражар ауылындағы Луговая көшесі - Алаш көшесі болып, Қаражар ауылындағы Степная көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Қаражар ауылындағы Молодежная көшесі - Абай көшесі болып, Қаражар ауылындағы Гагарина көшесі - Болашақ көшесі болып, Қаражар ауылындағы Больничная көшесі - Бейбітшілік көшесі болып, Қаражар ауылындағы Зеленая көшесі - Достық көшесі болып, Асыл ауылындағы Металлургов көшесі – Ғабиден Мустафин көшесі болып, Асыл ауылындағы Садовая көшесі - Бірлік көшесі болып, Асыл ауылындағы Тепличная көшесі - Бәйтерек көшесі болып, Асыл ауылындағы Береговая көшесі - Қасым Аманжолов көшесі болып, Геологическое ауылындағы Центральная көшесі – Желтоқсан көшесі болып, Геологическое ауылындағы Геологическая көшесі – Ынтымақ көшесі болып, Геологическое ауылындағы Молодежная көшесі - Жеңіс көшесі болып, Геологическое ауылындағы Набережная көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі болып, Геологическое ауылындағы Огородная көшесі – Қазақстан көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражар ауылдық округінің әкімі: | С.Б.Кенжекеева |