Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде Звездный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Звездный ауылдық округі Звездное ауылындағы көшелер келесідей:
1) Ленина көшесі Қаныш Сәтбаев көшесіне;
2) Складская көшесі Сұңқар көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Р. Кудайбергенов |