Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 19.09.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың 5-қосымшасына бекітілсін.
2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 78 "Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4200 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 сәуірдегі "Ұлытау өңірі" № 15-16 (6090) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 14 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Бекетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сейтжанов |
Ұлытау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі №182 шешімімен бекітілген |
"Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
2) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
4) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына "А" корпусы қызметшісінің келісіміне немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға.
3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманында бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2. НМИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманында сақталады.
3. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады;
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларға бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы аудандық мәслихаттың бас маманы болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Кадр жұмысы бойынша бас маман Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
40. Персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару функциясы жүктелген аудандық мәслихат аппаратының бас маманымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда аудандық мәслихаттың аппарат басшысымен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)): ____________________ _____________________________________________________________________
Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
№ п/п | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші Тікелей басшы
____________________________ __________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
НМИ бойынша бағалау парағы
________________________________________________________________
(Т.А.Ә., бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ п/п | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші Тікелей басшы
____________________________ __________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
"Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша Нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
________________________________________________________________
№ р/с | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамаған мінез -құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші Тікелей басшы
____________________________ __________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
"Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша Нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)