Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 06 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Өспен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданы Өспен ауылындағы Школьная көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі, Садовая көшесі Әулиетас көшесі, Новостройка көшесі Достық көшесі, Станционная көшесі Теміржол көшесі, Южная көшесі Кеншілер көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өспен ауылдық округінің әкімі | Ж. Аманжолов |