Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы № 18 (251) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
көрсетілген шешімімен бекітілген Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы уәкілетті ұйым - коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсететін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) 14 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанның соңына дейін мерзімге оны алу үшін өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады. Өтініш берген ай болып қосымша құжаттармен бірге өтініш берген ай есептеледі.";
3) 18 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Дүйсембаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сәрсембеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Приозерск қаласының жұмыспен қамту |
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" |
мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Бейсекеев |
2018 жыл 27 маусым