"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 85 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5089 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы |
С. Сүлейменов |