"Сексеуіл" компрессор стансасының күзет аймағы шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 тамыздағы № 1190 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 тамызда № 6406 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы 4-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың 5-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сексеуіл" компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сексеуіл" компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Арал ауданының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 тамыздағы № 1190 қаулысына 1-қосымша

"Сексеуіл" компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы

Аудан атауы

"Сексеуіл"компрессор стансасының күзет аймағы шекарасының көлемі, гектар

Оның ішінде:

жайылымы

басқа алқаптары

1

2

3

4

5

1

Арал ауданы

25,28

18,96

6,32

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 тамыздағы № 1190 қаулысына 2-қосымша

"Сексеуіл" компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

Күзет аймағының атауы

Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

1

2

3

1

"Сексеуіл" компрессор стансасының күзет аймағы

"Сексеуіл"компрессор стансасының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

1

2

3



5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.


Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции "Саксаульск" и определении режима использования земель в них

Постановление акимата Кызылординской области от 2 августа 2018 года № 1190. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 22 августа 2018 года № 6406

      В соответствии с пунктом 4 статьи 121 Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года "Земельный кодекс Республики Казахстан", подпунктом 6) пункта 2 статьи 14, пунктом 5 данной статьи Закона Республики Казахстан от 22 июня 2012 года "О магистральном трубопроводе" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить границы охранной зоны на сто метров во все стороны, отстоящей от границы территории компрессорной станции "Саксаульск" согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Определить режим использования земель в охранной зоне компрессорной станции "Саксаульск" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Кызылординской области" и акимату Аральского района принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Кожаниязова С.С.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Приложение 1 к постановлению акимата Кызылординской области от 2 августа 2018 года № 1190

Границы охранной зоны на сто метров во все стороны, отстоящей от границы территории компрессорной станции "Саксаульск"

Наименование района

Площадь границы охранной зоны компрессорной станции "Саксаульск", гектар

В том числе:

пастбища

прочие угодья

1

2

3

4

5

1

Аральский район

25,28

18,96

6,32

  Приложение 2 к постановлению акимата Кызылординской области от 2 августа 2018 года № 1190

Режим использования земель в охранной зоне компрессорной станции "Саксаульск"

Наименование охранной зоны

Режим использования земель в охранной зоне

1

2

3


Охранная зона компрессорной станции "Саксаульск"

В охранной зоне компрессорной станции "Саксаульск" запрещается:
1) устройство переездов, грунтовых дорог и иных временных или постоянных транспортных пересечений трассы магистрального трубопровода и его охранной зоны без согласования с собственником магистрального трубопровода, места их размещения, порядка строительства, обустройства и использования;
2) садоводство и лесоразведение, а также выполнение любых не согласованных с собственником магистрального трубопровода работ, кроме комплекса агротехнических работ для выращивания полевых сельскохозяйственных культур с пахотной глубиной не более тридцати пяти сантиметров;
3) рекультивация дорог, обустроенных собственником магистрального трубопровода либо оператором, предназначенныхдля обслуживания магистрального трубопровода и обеспеченияего физической защиты, а также воспрепятствование движению работников, выполняющих противопожарные и охранные функции на магистральном трубопроводе по этим дорогам, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан;

1

2

3



4) возведение любых построек и сооружений;
5) организация стоянок автомобильных транспортных средств, тракторов и механизмов;
6) производство мелиоративных земляных работ, сооружение оросительных и осушительных систем;
7) производство горных, строительных, монтажных и взрывных работ, планировка грунта без согласования с собственником магистрального трубопровода;
8) производство геологосъемочных, поисковых, геодезических и других изыскательных работ, связанных с устройством скважин, шурфов и взятием проб грунта (кроме почвенных образцов).