Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 шілдеде, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 30 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №1220 қаулысына қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына қосымша |
Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі
Уәкілетті органдар | № | Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің атауы* |
"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" ММ | 1 | Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері |
2 | Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер | |
3 | Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер | |
4 | Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | |
5 | Облыстың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер | |
6 | Депозиттерге уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастырудан алынған сыйақылар | |
7 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | |
8 | Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | |
9 | Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы | |
10 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | |
11 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер | |
12 | Бюджеттік алып қоюлар | |
13 | Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару | |
14 | Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару | |
15 | Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері | |
16 | Бюджет заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерды қайтару | |
17 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | |
18 | Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | |
19 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | |
20 | Ағымдағы нысаналы трансферттер | |
21 | Нысаналы даму трансферттері | |
22 | Субвенциялар | |
23 | Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың,астананың бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер | |
24 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | |
25 | Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | |
26 | Облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару | |
27 | Облыстық бюджеттен берілген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару органдарының қайтаруы | |
28 | Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер | |
29 | Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер | |
30 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер | |
31 | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар | |
32 | Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер | |
33 | Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй-жайларды жекешелендiруден түсетін түсімдер | |
34 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару | |
35 | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қайтару | |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар | 36 | Заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар |
37 | Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | |
38 | Қаржы агентіктеріне үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен ішкі көздер есебінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | |
39 | Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | |
40 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | |
41 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі | |
42 | Облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | |
43 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар | |
44 | Мамандандырылған ұйымдарға, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша жергілікті бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | |
45 | Жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар | |
46 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі | |
47 | Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы | |
48 | Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер | |
49 | Заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | |
50 | Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | |
51 | Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | |
52 | Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару | |
53 | Жергілікті бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы | |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті" ММ | 54 | Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар |
55 | Түзету жұмыстарына сотталғандардың еңбекақысынан ұсталатын түсімдер | |
"Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" ММ | 56 | Жануарларды сәйкестендіру үшін ветеринариялық паспорттың, жапсырмалардың (чиптердің) құнын қайтару |
"Қызылорда облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" ММ | 57 | Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары |
"Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ | 58 | Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым |
Ескерту: *облыстық бюджетке түсетін түсімдердің атауы "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9756 нөмірімен тіркелген) сәйкес жазылды. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Респуликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9760 нөмірімен тіркелген) сәйкес ескеріледі;
ММ - мемлекеттік мекемесі.