"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкiмдігiнiң 2018 жылғы 14 ақпандағы №10439 қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ | Атауы |
1. | Тауарлар: |
Білім беру объектілеріне физика, химия, биология кабинеттерін сатып алу | |
2. | Жұмыстар: |
Әлеуметтік нысандарын және инженерлік инфрақұрылым нысандарын, көше жолдарын реконструкциялау, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу | |
3. | Көрсетілетін қызметтер: |
Жекешелендіру мақсатында жылжымайтын және жылжымалы мүлікті бағалау |