"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1-тармақшасына сәйкес және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысы негізінде, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйық көшелері:
1) "А. Чехов" көшесі "Әбдіраман Байтаханов" есімімен;
2) "М. Нұржаубаев" тұйық көшесі "Нұрғали Бекжанов" есімімен;
3) "Ы. Жақаев" тұйық көшесі "Лепес Қалиев" есімімен;
4) "Школьная" көшесі "Астана" атауымен;
5) "Путевая" көшесі "Қарақұм" атауымен;
6) "Я. Свердлов" тұйық көшесі "Бәйтерек" атауымен;
7) "Моставая" тұйық көшесі "Сарыкөл" атауымен;
8) "В. Комаров" көшесі "Сарышоқы" атауымен;
9) "В. Чкалов" көшесі "Қамыстыбас" атауымен;
10) "Жеңістің 50 жылдығы" көшесі "Қосарал" атауымен қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. Оразбаев |
Арал аудандық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясының төрағасы |
Ж. Жалғасбаев |
Арал аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Мадинов |