"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 181 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 6429 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 324 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.03.2020 № 324 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 103 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6041 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 06 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс
жиырма тоғызыншы сессиясының төрағасы
Д.Жалғасбаев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 181 шешіміне қосымша
  Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 103 шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Арал ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:

      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге.

      2. Тұрғын үй көмегі "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Арал аудандық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) және "электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Тәртіптің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      4-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      4-2. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      4-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      4-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      5. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      6. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      8. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      9. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға – 70 киловатт;

      2 адамға – 140 киловатт;

      3 және одан да көп адамға – 210 киловатт.

      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

      4 адамға дейін – 10 килограмм;

      4 және одан да көп адамға – 20 килограмм.

      3) Отын пайдалану от жағу маусымына:

      отбасына (азаматқа) айына – 1 тонна.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      11. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

      13. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

О внесении изменения в решение Аральского районного маслихата от 8 ноября 2017 года №103 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи"

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 27 августа 2018 года № 181. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 сентября 2018 года № 6429. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 11 марта 2020 года № 324

      Сноска. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 11.03.2020 № 324 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аральского районного маслихата от 8 ноября 2017 года № 103 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6041, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 06 декабря 2017 года) следующее изменение:

      приложение 1 указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной двадцать девятой
сессии Аральского районного маслихата
Д. Жалгасбаев
      Секретарь Аральского районного маслихата Д. Мадинов

  Приложение к решению Аральского районного маслихата от 27 августа 2018 года № 181
  Приложение 1 к решению Аральского районного маслихата от 08 ноября 2017 года № 103

Размер и порядок оказания жилищной помощи

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи (далее - Порядок) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Аральском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателям) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      2. Жилищная помощь назначается коммунальным государственным учреждением "Аральского районного отдела занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее - уполномоченный орган).

      3. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через отделы Аральского района филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Кызылординской области (далее - Отдел) и веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      3-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Отдел или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Отдела составляет восемь рабочих дней.

      4. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Отдел и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) адресной справки с места жительства на заявителя (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      6) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      7) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      8) банковского счета;

      9) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      10) счета на потребление коммунальных услуг;

      11) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      12) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 4-5 настоящего Порядка.

      4-1. При приеме документов через Отдел услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      4-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 настоящего Порядка, работник Отдела выдает расписку об отказе в приеме документов.

      4-3. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      4-4. Отдел принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      4-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Отделом.

      4-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Отдел или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      5. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством и жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления на текущий квартал.

      6. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденные Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7412).

2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      8. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается для жителей в размере 12 процентов, от совокупного дохода семьи (гражданина).

      9. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии c нижеследующими нормами потребления:

      1) Нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человека – 70 киловатт;

      на 2 человека – 140 киловатт;

      на 3 и более человека – 210 киловатт;

      2) Нормы потребления газа на 1 месяц:

      до 4-х человек – 10 килограмм;

      на 4 и более человека – 20 килограмм.

      3) Потребления топлива на отопительный сезон:

      на семью (гражданину) в месяц– 1 тонна.

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщикам услуг.

      11. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512.

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      12. Финансирование жилищной помощи осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета, а также за счет средств целевых текущих трансфертов (в случае их выделения).

      13. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисление начисленных сумм на лицевые счета получателя жилищной помощи.