"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №2 жаңадан ашылған көшеге Мәдина Ералиеваның есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Абиев |