"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Аламесек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылындағы Аламесек көшесі "Ақарық" көшесі, Жаңа қоныс-2 көшесі "Алтын қорған" көшесі болып қайта аталсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау "Аламесек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы С.Қалдыбековаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Н.Опабеков |