"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 және 09 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:
1) "Алтыкрант -4" көшесіне "Ахмет Шынтаевтың";
2) Жаңақорған кентіндегі атауы жоқ көшеге "Әбіш Шоқыбаевтың";
3) "Саяжай-3" көшесіне "Қырашбай Жақыповтың";
4) "Жеңіс көшесінің 1-қиылысы" көшесіне "Оразбек Қашқыновтың";
5) "Саяжай-6" көшесіне "Тасан Әбеновтің";
6) "МАИ бекеті-11" көшесіне "Үсен Дүйсеновтің" есімдері берілсін.
2. Жаңақорған кенті әкімінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 102 "Көшелерге атау беру туралы" шешімі жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кентінің әкімі | А. Бекишов |