"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 09 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес, Шалқия кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы Шалқия кентіндегі "Орталық" көшесі "Шоманбай Абжалов" есімімен қайта берілсін.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқия кенті әкімінің міндетін атқарушы |
А. Садыков |