Ескерту. Шешімнің тақырыбы орыс тіліндегі жаңа редакцияда, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округі әкімінің 19.03.2021 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы9 тамыздағы№3 қорытындысына сәйкес Қожакент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қожакент ауылдық округінің Қожакент ауылының "Ғани Мұратбаев" көшесі Амантай Әпетұлы" есімімен қайта аталсын.
2. Қожакент ауылдық округі, Қожакент ауылындағы атауы жоқ көшеге Әбдімүтәліп Нұрманов" есімі берілсін.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қожакент ауылдық округінің әкімі | Ә. Айтжанов |