"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 09 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосүйеңкі ауылдық округінің Қосүйеңкі ауылындағы атауы жоқ көшеге "Сәрсен Сариев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосүйеңкі ауылдық округ әкімі | Ж. Жанпеисов |