Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 14.03.2019 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданында талшықты оптикалық байланыс жүйесi желiсiн жүргiзу мақсатында жер учаскесiн пайдалану үшiн жер учаскелерiн жер пайдаланушылардан алып қоймай үш жыл мерзiмге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгiленсiн.
2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты - оптикалық байланыс жүйесi желiсiн жүргiзу аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді жаңғырту жүргізу ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсан №377 қаулысына қосымша |
Сырдария ауданында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін үш жыл мерзімге жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай белгіленетін қауымдық сервитут
№ | Жер учаскесiнiң орналасқан жерi | Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы | оның iшiнде | |
ұзындығы метр | енi, метр | |||
1 | Ақжарма ауылдық округi | 51,848 | 129620 | 4 |
2 | Айдарлы ауылдық округi | 53,98 | 134950 | 4 |
3 | Бесарық ауылдық округi | |||
4 | Жетікөл ауылдық округі | |||
5 | Н.Ілиясов ауылдық округі | |||
6 | Қоғалыкөл ауылдық округі | |||
7 | Шіркейлі ауылдық округі |