Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 76 "2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3606 болып тіркелген, 2018 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2018 жылғы "23" қарашадағы | |
№ 287 қаулысына қосымша |
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
| Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Қой шаруашылығы | ||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: асыл тұқымды аналық бас | 2 500 | 6000 бас | 15 000,0 |
2 | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | 8 000 | 50 бас | 400,0 |
3 | Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу | 40 000 | 10 бас | 400,0 |
Барлығы: | 15 800,0 | |||
Етті мал шаруашылығы | ||||
1 | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу |
|
|
|
Барлығы: | 1 500,0 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1 | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: отандық немесе ТМД елдерінен импортталған |
|
|
|
Барлығы: | 1 500,0 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1 | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу |
|
|
|
2 | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | 60 | 2 050 килограмм | 123,0 |
Барлығы: | 1 223,0 | |||
Түйе шаруашылығы | ||||
1 | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу |
|
|
|
2 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | 55 | 10 000 килограмм | 550,0 |
Барлығы: | 1 050,0 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1 | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу |
|
|
|
Барлығы: | 12 000,0 | |||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | ||||
1 | Республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған құстардың финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алу |
|
|
|
Барлығы: | 600,0 | |||
Жиынтығы: | 33 673,0 |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы