Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 146 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында:
"6. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының "Маңғыстау политехникалық колледжі" МКҚК" бөлімінде:
реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
2 |
1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша): | 25 | 11 сынып | қазақша | 1 жыл 10 ай |
".
2. "Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.К. Қойжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Е. Тоғжанов |