Қарақия ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 110 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 мамырда № 3615 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-атанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы бойынша 2018 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      1) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін бір пайыз мөлшерінде;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде;

      3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде.

      2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Сәрсенғали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Кумискалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Қ. Беков

      "Қарақия аудандық жұмыспен

      қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      "11" 05 2018 жыл

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц освобожденных из мест лишения свободы, лиц состоящих на учете службы пробации по Каракиянскому району

Постановление акимата Каракиянского района Мангистауской области от 11 мая 2018 года № 110. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 29 мая 2018 года № 3615

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898), акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест по Каракиянскому району на 2018 год для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в следующих размерах от списочной численности работников организации:

      1) для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере одного процента;

      2) для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере одного процента;

      3) для лиц, состоящих на учете службы пробации в размере одного процента.

      2. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (М.Сарсенгали) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кумискалиева Е.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима Қ. Беков

      Руководитель государственного учреждения

      "Каракиянский районный отдел занятости,

      социальных программ и регистрации актов

      гражданского состояния"

      М.Сарсенгали

      "11" 05 2018 год.