РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13 "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3052 болып тіркелген, 2016 жылы 9 маусымда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Далжанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Маңғыстау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Еркінов Айбек Еркінұлы
"15" 05 2018 жыл
"Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік
бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы
Имашев Досмырза Клышович
"15" 05 2018 жыл