"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Рудный қаласының кейбір көшелері мен тұйық көшелеріне келесі атаулар:
1) Рудный қаласының 27-шағын ауданында орналасқан Крестьянская көшесінен Ольховая көшесіне дейінгі шекарадағы көшеге (221-228, 232-236, 239-241 учаскелері) - Нұр атауы;
2) Рудный қаласының 28-шағын ауданында орналасқан Балыктинская көшесінен Российская көшесіне дейінгі шекарадағы көшеге (172-177 учаскелері) - Керуен атауы;
3) Рудный қаласының 22-шағын ауданында орналасқан Балыктинская көшесінен Гранитная көшесіне дейінгі шекарадағы тұйық көшеге (152а-157а учаскелері) - Думан атауы;
4) Рудный қаласының 22-шағын ауданында орналасқан Ореховый тұйық көшесінен Качарская көшесіне дейінгі шекарадағы тұйық көшеге (162, 164, 166, 167 учаскелері) - Әлем атауы;
5) Рудный қаласының 27-шағын ауданында орналасқан Тургайская көшесінен Уральская көшесіне дейінгі шекарадағы тұйық көшеге (190-193, 205-208 учаскелері) - Заман атауы;
6) Рудный қаласының 27-шағын ауданында орналасқан Уральская көшесінен Тургайская көшесіне дейінгі шекарадағы тұйық көшеге (198-201 учаскелері) - Серпін атауы берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А. Даданова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |