"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Лисаков қаласының Ленин және Тобольская көшесі Қостанай облысы Лисаков қаласының Мәңгілік Ел көшесі деп қайта аталсын.
2. Қостанай облысы Лисаков қаласының Коммунистическая көшесі Қостанай облысы Лисаков қаласының Достық көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А. Даданова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |