"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 "2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7431 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7-2, 7-3, 7-4, жолдармен толықтырылсын:
"
7-2 | 10:26:26 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш | N-10, P2O5-26, K2O-26, S-1,7 | тонна | 59000 |
7-3 | NPK-тыңайтқыш | N-15, P2O5-15, K2O-15 | тонна | 59000 |
Кешенді минералды азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш (NPK-тыңайтқыш) | N-15, P2O5-15, K2O-15 | |||
7-4 | КАС+ сұйық тыңайтқышы | N-28-34, K2O-0,052, SO3-0,046, Fe-0,04 (EDTA) | тонна | 42500 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 – жолдармен толықтырылсын:
"
25 | Kristalon Yellow 13-40-13 минералды тыңайтқыш | N-13, NH4-8,6, NO3- 4,4, P2O5-40, K2O-13, SO3-27.5, B-0,025, Cu-0,01, Fe-0,07, Mn-0,04, Zn-0,025, Mo-0,004 | тонна | 350000 |
26 | Изагри-М, Бор маркасы минералды тыңайтқышы | B-12,32, Mo-1, өткіш агенті – 17 | литр | 825 |
27 | Изагри-К, Мыс маркасы минералды тыңайтқышы | Cu-11,14, N-10,79, S-8,96, аминоқышқылдар, биобелсенді L-нысанда-11, өткіш агенті-1 | литр | 870 |
28 | Изагри-К, Калий маркасы минералды тыңайтқышы | K2O-15,2, P2O5-6,6, N-6,6, NO3-2,5, SO3-4,6, Mn-0,33, Cu-0,12, Zn-0,07, Fe-0,07, Mo-0,07, B-0,01, Se-0,003, Co-0,001, жұғатын заттардың кешені-1 | литр | 525 |
29 | Изагри-К, Вита маркасы минералды тыңайтқышы | Zn-2,51, Cu-1,92, Mn-0,37, Mo-0,22, B-0,16, Fe-0,40, Co-0,11, Ni-0,006, N-3,20, K2O- 0,06, SO3-9,34, MgO-2,28, аминоқышқылдар L- белсенді түрде-15 | литр | 1080 |
30 | Концентрленген кальций нитраты | CaO-32, N-17 | тонна | 112000 |
31 | Калий селитрасы, СХ маркасы | N-13,7, K2O-46,2 | тонна | 242000 |
32 | 6-сулы азотқышқылды магний (магнийлі селитра) | MgO-15,5, N-11,1 | тонна | 135000 |
33 | Грогрин микро Феррал 6 (Fe-EDDHA) | Fe-(EDDHA)-6 | тонна | 1908000 |
34 | Yara Vita Rexolin ABC тыңайтқышы | MgO-9, B-0,5, Cu-1,5, Fe-4, Mn-4, Mo-0,1, Zn-1,5 | килограмм | 1685,5 |
35 | "Волски Моноформы" сұйық микротыңайтқышы "Волски Моно-Сера" маркалары | N-2, SO3-72, MgO-2,3 | литр | 993,5 |
36 | "Волски Моноформы" сұйық микротыңайтқышы "Волски Моно-Бор" маркалары | B-10 | литр | 1265 |
37 | "Волски Микрокомплекс" сұйық кешенді минералды тыңайтқышы "Экомак" маркалары | Cu-0,97, Zn-0,98, B-0,35, Mn-0,58, Fe-0,35, Mo-0,09, N-2,4, P2O5-0,61, K2O-1,77, SO3-4,9, MgO-0,97, Co-0,18 | литр | 1535 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |