"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 54 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6672 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | М. Мамонтова |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы Мемлекеттік
кірістер департаментінің Рудный қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________________ Н. Ахметкалиев
04.05.2018 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық
жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________________________ Н. Рак
04.05.2018 ж.