Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 19.08.2020 № 427 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 27 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6396 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезiнде "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда Лисаков қаласының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | А. Демисенов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Шалдыбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Лисаков қаласы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ А. Мустафина
2018 жылғы "10" қазан
Мәслихаттың 2018 жылғы 10 қазандағы № 277 шешіміне қосымша |
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша |
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
№ р/с | Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары |
1. | Мир көшесі – Темірбаев көшесі бойынша алаң (Мир көшесі - Мәңгілік ел көшесі –Темірбаев көшесі бойынша алаң) |