Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының:
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 179 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5072 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған);
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 217 "Барлық кандидаттар үшін сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5139 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашадағы "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алтынсарин ауданының әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин ауданының әкімі | Е. Жаманов |