2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 165 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қарашада № 8124 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаманов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 165 қаулысына қосымша

2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

№ р/с

Ұйымның атауы

Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Олжа Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

640

0,3 %

2

2

"Жанабек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

153

0,7 %

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

Постановление акимата Алтынсаринского района Костанайской области от 4 октября 2018 года № 165. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 23 ноября 2018 года № 8124. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат Алтынсаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Алтынсаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Алтынсаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е. Жаманов

  Приложение
к постановлению акимата
от 4 октября 2018 года № 165

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2019 год

№ п/п

Наименование организации

Списочная численность работников на предприятии, человек

Размер квоты в процентном выражении от списочной численности работников

Количество рабочих мест

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Олжа Беляевка"

640

0,3 %

2

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Жанабек"

153

0,7 %

1