Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 02.04.2021 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 22.04.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 22.04.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 11 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6376 тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Баженова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Кеделбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Амангелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ М. Сакетов
2018 жылғы "14" қараша