"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет -ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "20" сәуірдегі № 62 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
1. Әулиекөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 тенге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |