"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5393 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 17 "Мәслихаттың 2015 жылғы 26 ақпандағы № 205 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6348 тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Ысмағұл |
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________ Д. Әмірханұлы
2018 жылғы 15 ақпан