"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 "Жангелдин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4473 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Шекараларында: Қарғалы ауылы." алынып тасталсын.
2. "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Оспанов |
КЕЛІСІЛДІ
Жангелдин аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________ С. Бидашев