Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 02.08.2019 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 38 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жангелдин ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Оспанов |
КЕЛІСІЛДІ
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Нургазин
Әкімдіктің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 58 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшенің меңгерушісі;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) диеталық мейіргер;
6) мейіргер;
7) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
8) зертханашы (медициналық);
9) провизор (фармацевт);
10) психолог маман;
11) рентген зертханашысы;
12) әлеуметтік қызметкер;
13) фельдшер;
14) медициналық тіркеуші.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
15) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
16) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
17) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
19) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
20) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
21) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысының орынбасары;
22) кітапхана меңгерушісі;
23) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;
24) мұғалім-дефектолог;
25) мұғалім-логопед;
26) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
27) тәлімгер;
28) тәрбиелеуші;
29) әдіскер (негізгі қызметтердің);
30) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
31) қосымша білім беретін педагог;
32) ұйымдастырушы педагог;
33) педагог-психолог;
34) әлеуметтік педагог;
35) логопед;
36) психолог;
37) кітапханашы;
38) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
39) хореограф (негізгі қызметтердің).
Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
40) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
41) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысының орынбасары;
42) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі;
43) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кітапхана меңгерушісі;
44) барлық атаудағы әртістері ;
45) кітапханашы;
46) библиограф;
47) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
48) режиссер;
49) хореограф;
50) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
51) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
52) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі.
Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
53) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
54) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысының орынбасары;
55) (мамандандырылған) медициналық бике/аға;
56) жаттықтырушы;
57) әдіскер.
Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
58) ветеринариялық дәрігер;
59) ветеринариялық фельдшер.