"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 75 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3000000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін | 150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін | 4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |