"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 31 қазандағы № 155 "Жітіқара ауданында 2017-2018 жылдар кезеңіне арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7336 тіркелген, 2017 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Джафаров |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндеттерін атқарушы
____________________ Д. Айжаров
2018 жылғы 10 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ Н. Кушербаев
2018 жылғы 10 қыркүйек