Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 18.11.2021 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 32 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5427 тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі, көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Ғ. Ахметчин |
КЕЛІСІЛДІ
Қамысты аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
___________________ А. Мақаева
Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 26 қаулысына қосымша |
Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылар мен кездесуі үшін үй-жайлар |
1. | Алтынсарин ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Алтынсарин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
2. | Арқа ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Краснооктябрь орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
3. | Аралкөл ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Бестау негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
4. | Дружба ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Дружба негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
5. | Клочков ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Клочков орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
6. | Қарабатыр ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Қарабатыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
7. | Ливанов ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Ливанов орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
8. | Талдыкөл ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Талдыкөл негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
9. | Бестөбе ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
10. | Фрунзе ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Фрунзе негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
11. | Адай ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Адай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
12. | Жайылма ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Жайылма негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
13. | Қамысты ауылы | "Қамысты аудандық мәдениет Үйі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты ауданы әкімдігінің" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
14. | Свободное ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігінің Свободное ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |
15. | Орқаш ауылы | "Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Орқаш негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында |