"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 68 "Қарасу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6800 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы | А. Өскімбаева |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Ә. Ахмеров