Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 13.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 1 "Қостанай ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4525 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 526, 533, 542 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 526 сайлау учаскесі
Шекараларында: И.Ф. Павлов атындағы ауылы.";
"№ 533 сайлау учаскесі
Шекараларында: Қостомар ауылы.";
"№ 542 сайлау учаскесі
Шекараларында: Еңбек ауылы.".
2. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | К. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
_____________ Л. Сапожникова
2018 жылғы "28" маусым