2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 704-бабының 3-тармағына, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі)" қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Сессия төрағасы | Н. Ысмақов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ. Арықов |
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Ә. Қошанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Меңдіқара ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ А. Амантаев