"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған Науырзым ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Т. Даиров |
Әкімдіктің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 34 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған Науырзым ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Қарамеңді ауылы | "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 115 | 23277 |
3 жасқа дейін – 5000, |
2 | Дәмді ауылы | "Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 30517 |
3 жасқа дейін – 4000, |
3 | Буревестник ауылы | "Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Нұрбөбек" Бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 45 | 31217 |
3 жасқа дейін – 5884, |
4 | Өлеңді ауылы | "Науырзым ауданы білім беру бөлімінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 27900 |
3 жасқа дейін – 4000, |
5 | Шилі ауылы | "Науырзым ауданы әкімдігінің "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 29130 |
3 жасқа дейін – 4000, |
6 | Қарамеңді ауылы | "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 55 | 33103 |
3 жасқа дейін – 5000, |