"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8–1) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған Сарыкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Күзенбаев |
Әкімдіктің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 41 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған Сарыкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
реттік № | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімдігінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 150 | 25668,54 |
үш жасқа дейін – 6000 |
2 | Сарыкөл кенті | "Жастық" жеке мекемесі | 160 | 25668,54 |
үш жасқа дейін – 6000 |
3 | Маяк ауылы | Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Бөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 32988,88 |
үш жасқа дейін – 5000 |
4 | Комсомол ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Лика" бөбекжай- бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 47 | 31835,10 |
үш жасқа дейін – 5000 |
5 | Веселый Подол ауылы | Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Күн нұры" бөбекжай- бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 35 | 34269,04 |
үш жасқа дейін – 5000 |
6 | Островное ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Островной бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 15 | 7946 | - |
7 | Ермаковка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ермаков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 6 | 7946 | - |
8 | Сорочинка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сорочин негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 15 | 7946 | - |
9 | Қоскөл ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қоскөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 6 | 7946 | - |
10 | Новое ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Краснознамен негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 7 | 7946 | - |
11 | Барвиновка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Барвинов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 45 | 7946 | - |
12 | Златоуст ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Краснодон орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 24 | 7946 | - |
13 | Қараоба ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Өтетілеуов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 8 | 7946 | - |
14 | Крыловка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Крылов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 28 | 7946 | - |
15 | Большие Дубравы ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 15 | 7946 | - |
16 | Соналы ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Соналы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 5 | 7946 | - |
17 | Севастополь ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Севастополь орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 16 | 7946 | - |
18 | Урожайное ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 21 | 7946 | - |
19 | Тимирязевка ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тимирязев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 31 | 7946 | - |
20 | Тағыл ауылы | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тагіл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 24 | 7946 | - |
21 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ново-Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 18 | 7946 | - |
22 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Урицк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 14 | 7946 | - |
23 | Сарыкөл кенті | "Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы жарты күн болатын шағын-орталық | 14 | 7946 |