"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:
1) 2013 жылғы 20 мамырдағы № 86 "Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 24 ақпандағы № 75 "Мәслихаттың 2013 жылғы 20 мамырдағы № 86 "Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген, 2017 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Д. Хайруллина |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Сарыкөл ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ М. Бекпасов
"16" ақпан 2018 жыл