Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 17.04.2020 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 8 тамыздағы № 199 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5014 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Бөлек жиынды ашудың алдында Краснознамен ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Д. Хайруллина |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
Сарыкөл ауданының
Краснознамен ауылдық
округінің әкімі
___________ С. Горшенин
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 178 шешіміне қосымша |
|
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 199 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің Новое ауылының тұрғындары үшін | 7 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің Қараоба ауылының тұрғындары үшін | 5 |