Ескерту. Шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауданының Таран ауылы", "Таран ауылдық округінің әкімі", "Таран ауылының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылы", "Әйет ауылдық округінің әкімі", "Әйет ауылының" деп ауыстырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округі әкімінің 21.10.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылы халқының пiкiрiн ескере отырып, 2017 жылғы 4 желтоқсандағы Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйет ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Калинин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
2) Советская көшесін Б. Майлин көшесіне;
3) Луговая көшесін Е. Омаров көшесіне;
4) Комсомольская көшесін Республика көшесіне;
5) Озерная көшесін Болашақ көшесіне;
6) Пионерская көшесін Е. Өмірзақов көшесіне.
2. "Таран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйет ауылдық округінің әкімі | А. Ильченко |