"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Мақсұт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайранкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 "Қайранкөл ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақсұт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мақсұт ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. "Мақсұт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақсұт ауылы әкімі | Р. Абуева |