"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Федоров аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5724 тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Федоровские новости" газетінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 "Мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6325 тіркелген, 2016 жылғы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Т. Решетникова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Исенғазин |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті
Федоров ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________________ Д. Сауашев