"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Федоров ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Федоров ауылында қайта аталсын:
Жданов көшесі Бірлік көшесіне;
Калинин көшесі Жастар көшесіне;
Пролетарский көшесі Еңбек көшесіне;
Энгельс көшесі Береке көшесіне;
Киров көшесі Достық көшесіне;
Ленин көшесі Абай көшесіне;
Октябрьский көшесі Желтоқсан;
Советский көшесі Б.Климов көшесіне.
2. Жаркөл ауылында қайта аталсын:
Буденный көшесі А.Тулба көшесіне.
3. "Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауылдық округінің әкімі | Б. Умертаев |